Ол үшін ҚФФ-ның бас хатшысы Давид Лория бастаған делегация Алматы қаласына келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Клуб өкілдері осы кезде «Хан Тәңірі» футбол клубы құқық қорғау органдарымен және Федерациямен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын еске салды. Қаралы жайтқа байланысты арнайы комиссия құрылып, барлық дерек зерттелетін болады.
– Тергеу барысы ашық және объективті түрде жүргізіледі. БАҚ өкілдері мен қоғам мүшелерінен расталмаған ақпарат таратпауға және ресми қорытындыларды күтуге шақырамыз, – дейді клуб мәлімдемесінде.
Кеше, яғни 16 қазанда «Хан Тәңірі» клубының футболшысы Диас Төлеу ойын уақытында есінен танып, артынша жан тапсырған еді.