Хорватиятың Загреб қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік доданың бүгінгі жарыс күнінде боз кілемге әйелдер шықты, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліиетінше, әйелдер арасында төрт салмақ дәрежесі бойынша белдескен отандастарымыздың барлығы жеңіліп қалған.

53 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова оңтүстіккореялық Пак Соенге жол берсе, 62 келіде Тыныс Дүбек польшалық Алисья Новосадтан жеңілген. 68 келіде Бейбіт Сейдуәлі тағы бір оңтүстіккореялық Пак Хененнен ұтылса, 72 келідегі Жәмилә Бақбергенова қырғызстандық Нурзат Нуртаеваға есе жіберген.

Бұған дейін еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасы жаһан біріншілігін қос қоламен түйіндегенін хабарлаған едік.