Судан халқының жартысы, яғни 25 млн адам аштықтың азабын тартып отыр.

Аштықтан өзегі талып жүргендердің 5 миллионы — бала мен ана.

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі. 2023 жылдан бері азаматтық соғыстан көз ашпай келе жатқан елде ахуал қиын. 20 млн адам гуманитарлық көмекке зәру. Халықтың 30 пайызы беті ауған жаққа босып кеткен. Сондай-ақ қызылша, тырысқақ секілді түрлі инфекциялық аурулар өршіп тұр. Елде қарулы қақтығыс басталғалы 32 мыңға жуық адам қаза тапты.