Астанада парламент депутаттары тұратын үйден тұрғындар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
«Нұрсая» тұрғын үй кешеніндегі өрт оқушауланды.
«Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Д. Қонаев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен шыққан өртті оқшаулады», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.