Біздің елде 31 500 шетелдік студент білім алып жатыр , деп хабарлайды 24kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегіне сүйенсек, алғаш рет Азия елдерінен келген студенттер саны ТМД елдері студенттерінен асып түскен. Нақтылай айтсақ, қазақстандық білім ордаларында Азия елдерінен 17 456 жас, ал ТМД елдерінен 12 816 адам мамандық игеріп жатыр. Қазір елде 122 жоғары оқу орны бар. Шетелдік жастар педагогика, бизнес, басқару және құқық, инженерлік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мамандықтарын меңгеріп жүр.