Қазақстан мен Қытай арасында қосымша 18 рейс ашылған. Бұл «Орталық Азия – Қытай» азаматтық авиация ынтымақтастығына қатысты өткен бірінші конференцияның нәтижесі. Сианьдағы жиыннан кейін 6 елдің авиациялық билік органдарының басшылары бүгін Астанада бас қосты. Конференция барысында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық маршруттар желісін кеңейту, жаңа технологияларды енгізу, экологиялық тұрақты авиацияны дамыту саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланбақ. 2023 жылы отандық әуе компаниялары 13,3 млн жолаушы тасымалдаса, былтыр бұл көрсеткіш 11 пайызға өскен. Барлығы 14,7 млн-ға жуық адамға қызмет көрсеткен .

Дархан Қатышев, ҚР Көлік министрлігі азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

Оның алдындағы жылда Қытаймен 60 рейс болса, қазіргі уақытта 78 рейс. 18 рейске көтерілді. 2025 жылы көп рейстер аштық. Мюнхенге аштық, Шанхайда ашық, Гуанжоуде аштық, Сианьда аштық, Ош аштық. Көп бізде ашылған рейстер. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз қазіргі уақытта аэрохабтарды дамытып жатырмыз.

Темірлан Нұрсолтан