Астана прокуратурасы медициналық шектеулері бар тұлғалардың көлік жүргізу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

"Эпилепсия G40" диагнозы бар жүргізушілер көлік басқарған. Жүргізуші көлік тізгіндеп, рөлде отырған кезде денесі құрысып, 2 жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Аталған тұлғаның 2021 жылдан бастап эпилепсия диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны анықталды. Ол ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда қала прокуратурасының бастамасымен сот 10 адамды жүргізуші куәлігінен айырды.

"Жол жүрісі туралы" Заңының 75-бабына сәйкес, жүргізушінің денсаулығының нашарлауы медициналық қорытындымен расталған жағдайда, көлік басқару құқығын тоқтатуға заңды негіз болып табылады.

Қала прокуратурасы жол бойында денсаулығына қауіп төндіретін адамдарды жүргізуші куәлігінен айыру бойынша жұмысты жалғастырады.