Кез келген тұғырлы тұлғаның ұлағатты ұстазы болады. Ол – беймәлім әлемді тануға құштар жас шәкіртке жол сілтеп, өмірлік бағытын айқындауға көмектескен ардақты жан. Білікті дәрігер мен инженер де, қаламы жүйрік жазушы да мәртебелі мамандық иесі – мұғалімнің алдын көрген, тәрбиесін алған. Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы. Оның өнегесі – оқушыға өмірлік азық. Сондықтан жалынды ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Алты Алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі».