Ерболат Досаев Алматы әкімі қызметінен кетті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.
Ерболат Досаев 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
1987 жылы Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.
Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы бастаған.
Мансап жолында Досаев премьер-министрдің кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, қаржы вице-министрі, министрі, Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, денсаулық сақтау министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі, премьер-министрдің орынбасары сияқты лауазымды қызметтер атқарған,