14-20 шілде аралығында Германияның Бонн қаласында информатикадан Еуропалық қыздар олимпиадасы (EGOI) өтті. Оушы қыздар арасындағы алгоритмдік бағдарламалаудан әлемдегі ең ірі жарысқа 60 елден 266 білімпаз қатысты , деп жазады Egemen.kz.
Ал Қазақстан намысын ұлттық іріктеуден өткен:
- Астана қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы Тұрғанбаева Тамила;
- Қостанай қаласындағы физика-математика лицейінің 9 сынып оқушысы Игзекова Алина;
- Астанадағы Flagman жеке мектебінің 7-сынып Баймухамбетова Аружан;
- Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы Исаева Анита қорғады.
Команда Адина Магавина мен Темірлан Сатылханов жетекшілік еткен.
Биылғы жылы Қазақстан құрамасы олимпиаданың ұйымдастыру комитетімен ресми түрде бекітілген Астанадан қашықтағы форматта EGOI-ге қатысты. Барлық раунд халықаралық жарыс стандарттарына толық сәйкес, EGOI ұйымдастырушыларының бақылауымен өтті.
Алғаш рет қатысқан сайытары болғанына қарамастан Тамила Тұрғанбаева мен Аружан Баймұхамбетова екі қола медальге қол жеткізді.
«Қыздарымыздың халықаралық олимпиададағы жеңісі жай ғана медаль емес. Бұл Қазақстанда жоғары технологиялар саласында әлемдік деңгейде бәсекеге түсуге дайын дарынды оқушы қыздардың өсіп келе жатқанының дәлелі. Спорттық бағдарламалау федерациясы алдағы уақытта да еліміздің түкпір-түкпіріндегі балаларға мүмкіндіктер жасап, жаңа ұрпақты IT-технологиялар жолына түсуге шабыттандырады», деді Қазақстан спорт бағдарламасының президенті Бағдат Мусин.
Тағы бір маңызды нәтиже Қазақстанның ресми түрде танылуы болды. 2026 жылдан бастап ел EGOI-ге қатысатын ресми елдердің тізіміне енетін болады. Бұл Олимпиаданың Бас Ассамблеясында төрт жыл бойы Қазақстанның мүддесін дәйекті түрде қорғаған команда жетекшілерінің ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесі.
Айта кетейік, информатикадан қыздардың Еуропалық олимпиадасы – информатиканы оқуда қыздарды қолдауға және IT саласындағы гендерлік алшақтықты жоюға бағытталған жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық жарыс. Қазақстан EGOI-ге 2021 жылдан бері қатысып келеді және Федерацияның жүйелі жұмысының арқасында жас бағдарламашылардың толқыны қалыптасып келеді.