Румыниядағы су тасқынынан жеті адам опат болды.

Бірнеше тұрғын із-түзсіз кетті. Елдің бірқатар аймағында өзендер арнасынан асып, апатты жағдай қалыптасты. Жауын-шашын 27 шілдеден бері толастамай тұр. Қазіргі уақытта 10-нан астам аймақта қауіптің «қызғылт сары» деңгейі енгізілді. Синоптиктер жауын-шашын мөлшері екі апталық нормадан асқанын хабарлады.