Италияның Портофино қаласында ел абыройын асырған Әйгерім Алтынбек елге оралды. Өнерімен талайды тамсандырған опера әншісі XI Халықаралық CLIP 2025 байқауында тарихи жеңіске жеткенін айтқан едік. Әлемдік сайысқа 200 өнерпаздан өтінім келіп түскен. Тек 10 қатысушы ғана ақтық сынға шығып, 3 кезеңде сыналған өнерпаздар арасынан Әйгерім Алтынбек гран-приге ие болған. Одан бөлек, отандасымыз көрермен көзайымы атынып, «Үздік әйел дауысы» жүлдесімен жаһанды өзіне қаратты.

Әйгерім Алтынбек, опера әншісі:

Өзім 5 жасымнан бастап өлең айтамын. Менің анам ең алғашқы ұстазым. Мектеп қабырғасында жүрген кезде ән айтуға баулыған. Одан кейін музыкалық мектепке түстім сол анамның ықпалымен. Анам бойымдағы талантты байқаған болу керек. Баспалдақпен көтеріліп, көтеріліп осы CLIP конкурсына жеттім. Тәжірибе, тоқтамай еңбектенудің арқасында осы күн бұйырды деп ойлаймын.

Алдияр Айтбай