Талдықорған маңындағы жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Талдықорған қаласында Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесі кезінде жер сілкінді. Қазіргі таңда ТЖД жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылғаны туралы хабарлама таратты.

"Талдықорған маңында тіркелген жер сілкінісіне байланысты Жетісу облысы ТЖД тұрғындарға арналған жедел желіні іске қосты. Мамандар келесі нөмір арқылы Сізге кеңес беруге және сұрақтарыңызға жауап беруге дайын: 8 (7282) 32-44-36.

ТЖМ жедел қызметтері жергілікті атқарушы органдарды, полицияны және басқа да бейінді қызметтерді хабардар етті. Тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз",- деп жазылған ТЖД хабарламасында.