Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақ боксының жұлдызы Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде өз шеберлігін паш етті. 28 жастағы былғары қолғап шебері Бішкекте өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, қарсыласы — 23 жастағы филиппиндік Кристиан Леганені (6-2-3, 4 KO) айқын нокаутпен жеңді.
Кәсіпқой мансабындағы бұл тұңғыш айқас екінші жеңіл салмақта 6 раундқа жоспарланған болатын. Алайда Сәкен кездесуді созған жоқ. Оның шапшаңдығы мен дәл соққылары қарсыласын сұлатып түсіруге жеткілікті болды.
Сәкен Бибосынов рингке тек тәжірибе жинауға емес, жеңіс үшін келгенін анық аңғартты. Оның стилі, техникасы мен мықты мінезі – алдағы уақытта да талай белесті бағындырары анық.