Желіде “Иманигүл” медресесінің ұстазының қыз бала мен ұл баланың “күнәға бататын” жасы туралы айтқан видеосы тарады .
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Видеода дін ұстазы шариғат бойынша қыз балалардың 9 жастан бастап күнәға бататынын айтады.
”Қыз бала шариғат бойынша 9 жастан күнәға батады. Ұлдар 12 жастан. Қазақта айтады “Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі”. Ілім алудағы пайғамбарымыз (с.ғ.с) өсиеті бар. Бір күні пайғамбарымыз (с.ғ.с) мешітке кіріп келсе 2 топ сахабалар бір бірімен сөзге келіп жатады. Біреуі ілім мәселесінде таласып жатса, біреуі ғибадат мәселесінде. Ілім өзгеге де, өзіңе де пайдасы тиетін болса, ғибадат тек өзің үшін ғана. Әр адам Алланың алдында өзі не істеп не қойды, қалай келді, қалай кетті соған жауап береді. Ғибадат әркім өзі үшін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) келіп, екеуіңдікі де дұрыс, бірақ ілімділердікі абзалырақ дейді. Дінімізді үйренетін болсақ та біз өзіміз парасатты, ақылды күйде ілім арқылы Алланы танитын болсақ, ол ілім өзгеге де өзімізге де пайдасын тигізеді”, — дейді ол.
Желі қолданушылары видеодағы дін ұстазының қыз балаларға қатысты айтқан сөзін қызу талқылауда.
”9 жасар бала күнәнің не екенін біле ма, негізсіз уағыз айтқанды қойыңдаршы”, “12-14 жас десе бір жөн, 9 жаста қайдағы күнә”, “Қазір дінді адамдар өздеріне ыңғайлап алды. Ойын баласында қайдағы күнә”, — деп жазды олар.
