Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы және қалалық прокуратураның бірлесе ұйымдастыруымен «НаркоStop!» акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Акция нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында есірткінің таралуына қарсы ұстанымды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шараға қатысқан 20-ға тарта белсенді жас үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити жазбаларды өшіріп, қала тұрғындарына үлгі көрсетті. Сондай-ақ белсенділер қала тұрғындарын есірткі саудасына қатысты тараған ақпараттар болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Серік Меңдібай, қалалық прокуратураның аға прокуроры:
- Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көбінесе осы қаланың ескі бөлігінде теміржол вокзалы маңайы және орталық базар маңын, сонымен қатар халықтың көп шоғырланатын жерлерінде көпқабатты үйлерде осы ескі жарнамаларды сілтемелері көп болатын. Соны жойып, профилактикасын жүргіземіз.