Елде алаяқтық жолмен несие рәсімдеушілердің әрекетіне тосқауыл күшейеді.

Азаматтарға несие беру кезіндегі банктер мен шағын қаржы ұйымдарының жауапкершілігі қатаңдатылады. Бұдан былай қазақстандықтар үшін кредит рәсімдеудің жаңа ережелері күшіне енеді. Жобаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқылауға шығарды. Ұсынылған жаңа талаптарға сай, банктер сомасы 150 АЕК-тен асатын онлайн тұтынушылық кредитті келісімшарт жасасқан соң 24 сағаттан кейін ғана несие алушыға аудара алады. Сондай-ақ алғаш рет 150 АЕК-тен асатын несие алғысы келетіндер қарызды тек банкке келу арқылы ғана рәсімдей алады. Нормативтік-құқықтық акті жобасы 18 шілдеге дейін талқыланады.