Бүгін, 25 маусымда Астана, Алматы қалаларында және еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы

Облыстың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, күндіз дауылды жел соғады. Батыс, солтүстік және шығысында найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыс пен шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыс, шығыс және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз найзағай, бұршақ күтіледі, жел екпіні 15 м/с.

Жетісу облысы

Облыстың орталығы мен таулы аудандарында найзағай болжануда. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, шығысы мен таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік пен шығыста күндіз аптап ыстық +42°С болады. Солтүстік, шығыс және орталықта өте жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз найзағай күтіледі, ауа температурасы +36°С. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде.

Ұлытау облысы

Солтүстікте күндіз кей жерде қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай, күндіз солтүстік, оңтүстік және орталықта найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысы, шығысы және оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел 15-18 м/с.

Алматы облысы

Батыс, солтүстік және шығысында күндіз +42°С аптап ыстық болады. Өрт қаупі өте жоғары. Қонаевта күндізгі температура +35…+37°С.

Алматы қаласы

Күндіз қатты ыстық — +36°С.

Ақтөбе облысы

Оңтүстікте кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ. Оңтүстік жартысында найзағай. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Батыс, оңтүстік, шығыс және орталықта өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы

Солтүстік, шығыс және оңтүстікте найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-батыстан — 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Солтүстікте жоғары, оңтүстік-шығыста өте жоғары өрт қаупі. Өскеменде найзағай, күндіз бұршақ. Жел 15-20 м/с.

Абай облысы

Батыс, солтүстік және шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан — 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Орталықта жоғары, батыс, солтүстік-батыс және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі. Семейде найзағай, күндіз бұршақ. Жел 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең солтүстік пен батыста тұман түседі. Солтүстік пен оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Түнде батыс пен орталықта найзағай, дауыл, күндіз де солай. Солтүстік пен орталықта бұршақ, орталық пен шығыста шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с, шығыста екпіні 23-28 м/с. Қызылордада күндіз найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл. Жел 23 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Астана қаласы

Түнде және таңертең найзағай, күндіз жел екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысы

Батыс, солтүстік және шығыста найзағай, күндіз бұршақ. Жел 15-18 м/с. Солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары, солтүстік-шығыс пен орталықта өте жоғары өрт қаупі. Ақтауда түнде найзағай.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде батыс пен оңтүстікте найзағай, күндіз солтүстік, орталық және шығыста найзағай, бұршақ, дауыл. Жел 15-20 м/с. Батыс пен шығыста жоғары өрт қаупі. Оралда найзағай, бұршақ, дауыл. Жел 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

Таңертең және күндіз солтүстікте және таулы аудандарда найзағай. Жел 15-20 м/с. Күндіз +38°С қатты ыстық. Облыста өте жоғары, оңтүстік пен солтүстікте жоғары өрт қаупі. Таразда — өте жоғары өрт қаупі.

Павлодар облысы

Түнде оңтүстікте қатты жаңбыр. Күндіз найзағай, бұршақ, дауыл. Жел 15-20 м/с. Оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі. Павлодарда түнде және таңертең найзағай.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде батыс пен солтүстікте тұман. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі.

Атырау облысы

Түнде шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде оңтүстік пен шығыста, күндіз солтүстікте найзағай. Жел 15-20 м/с. Орталықта өте жоғары, солтүстікте жоғары өрт қаупі. Атырауда түнде найзағай.

Түркістан облысы

Таулы аудандарда найзағай. Солтүстік пен батыста шаңды дауыл. Жел 15-23 м/с. Оңтүстікте +41°С аптап ыстық. Өрт қаупі өте жоғары. Шымкентте жел 15-20 м/с. Түркістанда — шаңды дауыл, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Синоптиктер 25 маусым күні Қазақстанның көптеген өңірінде жауын-шашын мен аптап ыстық қатар болатынын ескертті.