«QazaqGaz» ұлттық компаниясының Аппарат басшысы қызметіне Әзілхан Әбеуов тағайындалды. Оның мемлекеттік басқару саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
Әбеуов Ақпарат және байланыс, көлік және коммуникация, инвестициялар және даму министрліктерінде түрлі басшылық лауазымдар атқарған. Сондай-ақ, Павлодар облысында аудан әкімі болып жұмыс істеп, өңірдің ішкі саясат басқармасын басқарған.
Мемлекеттік қызметтен бөлек, ол жеке секторда да еңбек етіп, денсаулық сақтау мен өнімді терең өңдеу бағыттарында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асырған.
Жаңа қызметке дейін Әзілхан Әбеуов «QazaqGaz Onimderi» компаниясында даму жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарды.