Home Credit Bank өзінің 20 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласына поэзиомат сыйға тартты және ескі ойын жабдықтарын ауыстырып, балалар ойын алаңын жаңартты. Енді "Достық" саябағына келушілер чех суретшінің музыкалық-поэтикалық инсталляциясын тыңдай алады, ал балалар заманауи және қауіпсіз ойын алаңында ойнай алады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров қалаға электр қуатынсыз жұмыс істейтін, әдеттен тыс "поэзиомат" атауы бар интерактивті акустикалық мүсін сыйлады. Құрылғы қисық құбыр түрінде жасалған. Дүние жүзінде бұлардың тек 15-і бар — Прагада, Берлинде, Венада, Парижде, Тель-Авивте және басқа қалаларда. Қазір алматылықтарда да бар. Поэзиоматты шығаруға және Қазақстанға жеткізуге чехиялық Home Credit тобы демеушілік жасады.
Суретші және мәдениет қайраткері Онджей Кобза жасаған құрылғыда қазақтың классикасы, эпостары, музыкалық шығармалары мен әлемдік авторлардың өлеңдері, соның ішінде Абайдың қара сөздері, "Тұран" ансамблі – "Ер Тұран", "Эпос – Балқаш аңызы" және т.б. біріктірілген 20 шығармадан тұратын жеке поэзиялық плейлист бар.

"Home Credit Bank мерейтойлық жылын қалалық экологияны дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру және отбасылық құндылықтарды қолдау жобаларын жүзеге асыру арқылы атап өтуде. Біз Қазақстанның әр түрлі қалаларында 400-ге жуық ағаш отырғыздық және бұл жұмысты жалғастырамыз. Енді біз алматылықтардың мәдениеті мен демалысына өз үлесімізді қосқымыз келеді, сондықтан қалаға бірден екі нысан дайындадық — поэзиомат пен балалар ойын алаңы. Поэзиомат музыка және поэзия әуесқойлары үшін тамаша демалыс орны ғана емес, сонымен қатар чех-қазақ мәдени диалогының символына айналады деп үміттенемін. Біз сондай-ақ ойын алаңының ойын жабдықтары мен жабынын ауыстырып, оны заманауи және қауіпсіз етіп жасадық", — деді Home Credit Bank басшысы Кирил Бачваров.

Банк қалаға сыйға тартқан екі нысан да Есентай өзенінің жағалауындағы Достық саябағында орналасқан. Қауіпсіз балалар кеңістігін құру үшін Home Credit Bank ойын алаңын жөндеді: барлық ойын элементі қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін заманауи элементтермен жабдықталды, ал жабыны қауіпсіз жұмсақ тартанға ауыстырылды. Ойын алаңы балалар қорғалған әрі жайлы ортада ойнап, дамитын, ал ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын орынға айналды.

2025 жылы Home Credit Bank Қазақстан нарығындағы жұмысының 20 жылдығын атап өтеді. Мерейтойға орай банк "Көмектесуге қуаныштымыз" стратегиясын көрсететін әлеуметтік және экологиялық акцияларды өткізеді. Ол клиенттерге, қызметкерлерге және Қазақстан қоғамына жеңілдіктер жасаудан тұрады. Банк жыл басынан бері Алматы, Шымкент, Астана және Көкшетау қалаларында жасыл аллеялар отырғызды, бұл науқан басқа өңірлерде де жалғасатын болады.
Биыл күзде Орал мен Қостанайдағы жедел жәрдем қызметкерлері банктен заманауи үлгідегі киімдер сыйға алмақ. Екі жылдың ішінде Алматы мен Астананың фельдшерлер мен жедел жәрдем жүргізушілері 8 мыңнан астам униформа жиынтығын алып үлгерді.
Осылайша, банк қазақстандық дәрігерлерге халық өмірі үшін күресте жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдіреді. Сонымен қатар қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын танымдық іс-шараларды ұйымдастыру және ақшаны сауатты ұстау ережелері туралы қазақ тілінде кітап шығару арқылы дамытуға арналған бірқатар жоба қолға алынбақ.