Таяу Шығыстағы бірқатар елде АҚШ-тың әуе базалары мен жаттығу орталықтары бар.
Олардың алпауыт мемлекет үшін стратегиялық мақсаты зор. Бұл әскери нысандар Америкаға аймақтағы Иран мен ХАМАС, Хезболла сияқты қарулы топтарды қадағалап, олардан төнетін қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір Таяу Шығыста АҚШ-тың 40 мыңға жуық жауынгері шоғырланған. Бұл Американың жырақтағы әскери күшінің үштен бірі. Негізгі контингент Кувейт, Қатар және Бахрейнде орналасқан.
Кувейт – АҚШ-тың маңызды логистикалық және стратегиялық нүктесі. Бұл елде 2 әуе базасы бар. Ең негізгісі Али әл-Сәлем. Сондай-ақ 4 әскери лагерь мен Арифджан жаттығу орталығы. Бұл араб елінде 13 жарым мыңға жуық АҚШ әскериі қызмет етеді.
Қатардағы АҚШ-тың негізгі тірек нүктесін Эль-Удейд әуе базасы саналады. Ол Ауғанстандағы америкалық операцияларда шешуші роль атқарды және 2021 жылы сол елден әскерлерді шығаруды үйлестірді. АҚШ пен Қатар арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақ 1990 жылдары басталған. Былтыр қаңтарда келісім тағы 10 жылға ұзартылды.
Американың ең ірі әскери-теңіз базасы да Таяу Шығыста орналасқан. Бұл оның Әскери-теңіз күштерінің бесінші флоты. Ол Бахрейнде. Корольдік аумағында 9 мыңға жуық әскери қызмет етеді.
КУВЕЙТ
13 500 АҚШ ӘСКЕРІ
- АЛИ АЛЬ-САЛЕМ ӘУЕ БАЗАСЫ
- АРИФДЖАН ӘСКЕРИ ОҚУ ЛАГЕРІ
Дереккөз: Council on Foreign Relations
ҚАТАР
- 10 000 ЖУЫҚ АҚШ ӘСКЕРІ
- ЭЛЬ-УДЕЙД ӘУЕ БАЗАСЫ
Дереккөз: Council on Foreign Relations
БАХРЕЙН
- 9 000 АҚШ ӘСКЕРІ
- АҚШ ӘСКЕРИ-ТЕҢІЗ КҮШТЕРІНІҢ БЕСІНШІ ФЛОТЫ
Дереккөз: Council on Foreign Relations