Жетісу облысына биыл үш жыл. Мемлекет басшысының Жарлығымен қайта құрылған аймақ әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші жағынан еліміздің үздік өңірі атанып, үштікке кірді. Бүгінге дейін облысқа 1 триллион 200 млрд теңге инвестиция тартылып, үш жарым мың жаңа жұмыс орны ашылған.
2022- 2024 жылдары Жетісу облысында құны 135 млрд теңгеден асатын 135 жоба жүзеге асқан. Бір ғана «Қорғас-Шығыс» қақпасы аумағында 30 инвестициялық жоба іске қосылып, 2000-ға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал ол маңдағы салынған кәсіпорындар жыл сайын 81 млрд 600 млн теңгенің өнімін өндіреді. Сондай-ақ қазынаға 9 млрд теңге көлемінде салық түсірген.
Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:
Арнайы экономикалық аймақта бүгінгі күні 28 инвестициялық жоба іске асып, 113 млрд пайда әкелді. Оның сыртында 1000-ға жуық жұмыс орындары ашылды. Бүгінде сол аймақтарда қосымша 40 жоба іске асуда. Осының бәрі Жетісу облысының әлеуметтік экономикалық әлеуетін арттырады деп ойлаймын.
Аграрлы аймақта ауылшаруашылық өнімдерінің 65 пайызы өңделеді. Ал аймақты газдандыру деңгейі бұл күні 58 пайыздан асқан. «Талдықорған – Үшарал» магистральды газ құбыры биыл салынып бітсе, 192 елді мекеннің тұрғындары өркениет игілігіне қол жеткізеді.
Болат Керімбек, Мәжіліс депутаты:
Тағы бір айта кететін дүние. Осы мына біздің тау туризмінде қолға алып жатқаны қуантады. Мысалы осы Жетісу Алатауының мүмкіндігі Тау туризмін алдағы уақытта басқаша дамуына бір ерекше қарқын береді деп ойлаймын.
Ал облыстағы білім беру саласында үш жылда 20 нысан салынған. Олардың 15-і мектеп.
Дамир Нұрмұхамет