35 жастағы маңғыстаулық келіншек он екінші баласын дүниеге әкелді. Мұнайлы ауданының тұрғыны 2011 жылы ана атанған, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

35 жастағы Ақмоншақ Жақсылықова 29 мамыр күні таңертең қыз баланы дүниеге әкелді — нәрестенің салмағы 3900 грамм, бойы 53 см.

Көп балалы ананың айтуынша, отбасында енді 10 қыз, екі ұл бар. Ол 2011, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2019, 2020, 2021, 2022, 2024 және 2025 жылдары босанған.

Балалардың бәрінің дені сау. Балалардың арасындағы ең ірісі 4500 грамм болып туған.

"Ана мен бала" перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Епенова келіншектің босануы жақсы өткенін, әйел мен баланың дені сау және үйлеріне шығарылғанын мәлім етті.

Алайда ол әйелдерге ескерту жасады.

"Демографиялық тұрғыдан алғанда, бұл, әрине, жақсы, бірақ мен дәрігер ретінде пациенттерімізге үнемі айтамын — әйел ағзасы қалпына келуі керек. Бала көтеру және босану әйелден көп күш пен ресурс талап етеді, сондықтан босану арасындағы аралық кем дегенде екі жыл болуы керек, осы уақыт ішінде дене қалпына келіп, демалады", — дейді дәрігер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Шалқар аудандық перзентханасында да 35 жастағы келіншек он екінші баласын дүниеге әкелгенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ 39 жастағы ақтөбелік ананың он бірінші баласын дүниеге әкелгенін жазған едік.

Ал 27 мамырда №66 "Астана – Жезқазған" бағытындағы пойызда қыз бала дүниеге келді.