Алматыда сот шешімімен Оңдасынов көшесі, 37/12 мекен жайында орналасқан құрылыс нысаны сүріле бастады. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған. Тексеріс нәтижесінде ғимарат қатты тозғаны анықталып, оны бұзу қажет деген шешім қабылданған.

"Бұған дейін басқарма тарапынан меншік иесіне (жеке тұлға) күрделі пішіндегі темірбетон құрылымын бұзу арқылы заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқау берілген. Алайда нұсқауда көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, 2024 жылы 29 қаңтарда басқарма Бостандық аудандық сотына мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз жолдады", — деп жазылған хабарламада.

Суреттер: Алматы әкімдігі

2024 жылы 27 мамырда сот басқарманың талап арызын қанағаттандырды. Содан кейін іс Әділет департаментіне орындауға жіберілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget