Жаңа рейстер кестесі жарияланды.


"Россия" әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасындағы тікелей рейстердің қайта жанданатынын мәлімдеді. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметі хабарлады.

"Тұрақты рейстер 3 маусымнан басталады. Ұшулар "эконом" және "бизнес" кластарымен жабдықталған Airbus A319 лайнерлерімен орындалады. Жазғы маусымда рейстер аптасына үш рет жүзеге асырылады: Астанадан – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал Санкт-Петербургтен – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: 1 мамырдан бастап Алматы – Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылады


Мамандардың айтуынша, бұл бағыт жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Жаңа рейстердің қайта ашылуы екі қала арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.