Мемлекет басшысы Италия Министрлер кеңесінің төрағасымен кеңейтілген құрамда да келіссөз жүргізді.

Жиынға екі ел делегациялары қатысты. Президент мемлекеттер арасында тығыз саяси диалог орнап, берік экономикалық ынтымақтастық дамып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыс беки түскеніне назар аударды. Айта кетейік, елдер арасындағы тауар айналымы былтыр 24 пайызға артып, 20 миллиард долларға жетті. Президент соңғы жиырма жылда Италия Қазақстан экономикасына 7,6 миллиард долларға дейін инвестиция құйғанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда ірі инвесторлар бастаған 270-ке жуық италиялық компания табысты жұмыс істеп жатқанын айтты.