Әйгілі Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі дәл осы Ақтөбе жерінде басталып, Ақтөбе жерінде аяқталды. Мұның өзі өңірдің транзиттік әлеуеті зор екенін аңғартады. Демек жол саласын дамыту өңірдік экономикасын көтерудің негізгі факторы. Былтыр бұл бағытта Ақтөбе-Қандыағаш жолы ел игілігіне тапсырылды. Биыл қандай бастамалар қолға алынады?