Белгілі әзілкеш әрі шоумен Жахан Отарғалиевке жұбайы тосын сый жасап, оны шын қуантты, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Бұл сәтті Жахан өзі Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада оның жары қобалжып тұрғанын көруге болады.

«Әрдайым мені сен қуантушы едің, енді сені қуантар кез менікі», – дейді ол видео барысында.

Ол күйеуіне ерекше сый ретінде кіші қажылық – Ұмра сапарын тарту еткен. Бұл күтпеген сыйлық Жаханды қатты тебірентіп, ол қуаныштан көзіне жас алды.

Желі қолданушылары бұл сыйлықты жоғары бағалап, түрлі пікір білдірді. Алайда кейбірі алғашында басқа жаңалық күттік деп жазған:

«Аяғы ауыр деп ойлап қалдым», «Екі «полоска» күткендер біргеміз», «Мұндай сыйдан артық не керек?!», «Алла бәрімізді осындай сүйінші жаңалықпен қуантсын», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Ал Жаханның өзі эмоциясын жасыра алмай:

«Мұндай сыйлықты күткен жоқпын. Аллаға шүкір!» – деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жахан Утаргалиев ???? (@zhahan_utargaliyev)