АҚШ-та шетелдік дрондарды елге кіргізуге тыйым салынды. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты шешімді Федералды байланыс комиссиясы қабылдады.
Оған сай енді шет елде құралатын ұшқышсыз ұшу аппаратары мен оның бөлшектері мемлекет үшін қауіпті технологиялар тізіміне енгізіледі. Шектеулер, әлемдік нарықтың 70%-дан астамын иеленіп отырған қытайлық DJI компания өнімдеріне де қолданылмақ. Алайда қауіп төндірмейді деп танылған кей құрылғылар қолданыста қала бермек. Ал Қытай Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетке наразылығын білдірді.