Елордада AIF-2025 форумы өтіп жатыр .

Руанда Республикасының Президенті Поль Кагаме AIF-2025 форумында сөйлеген сөзінде елінің тарихындағы қасіретке толы кезең туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Менің ойымша, әлемдегі мемлекет үлкен болсын, ірі держава немесе кішкентай мемлекет болсын, кез келген жерде проблемаларға төтеп бере алу қабілеті аса маңызды. Осыдан бастау керек. Өйткені, бұл – іргетас. Біз Руандада тарихқа көп үңілеміз. Біздің елімізде геноцид болған кезде әлемнің өзге бөлігі басқа бағытта жүрді және бізде болып жатқан жағдайға ешкім назар аудармады. Ақырындап біз өзіміздің ішкі тұрақтылығымызды таптық, тұтастықты қалыптастырдық. Белгілі бір сенім деңгейіне қол жеткіздік. Соның арқасында институттарды жасадық, олар адамдардың қажеттіліктерін өтейтіндей болды. Бірақ бұл бізге әлемнің басқа бөлігімен ынтымақтастыққа ұмтылуға кедергі болған жоқ", — деді Поль Кагаме форум модераторының сұрағына берген жауабында.

Сөзінше, Африка мен Орталық Азия арасында ынтымақтастық дамып жатыр.

"Қауіпсіздік бейбітшілікті қалыптастырушы үшін аса маңызды" — деп атап өтті Руанда басшысы.

Айта кету керек, бұған дейін Руанда басшысы Қазақстанды гүлденген елдердің қатарына жатқызғанын жазған едік.