Ұлттық банктің ресми бағамы — 514,31 теңге.


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,77 теңгеге арзандап, 513,55 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 514,31 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 515,47 теңгеден сатып алынады, 517,69 теңгеден сатылады. Еуро 602,40 — 607,63 теңге, ал рубль 6,40 — 6,52 теңге аралығында саудаланады.


Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды


Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 512,55 теңгеден сатып алынады, 519,55 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 597,48 теңге, сату — 607,48 теңге. Ал рубль 6,40 — 6,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.