Жапония Премьер-министрінің офисінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Еске салайық, Президент Жапония Императорының сарайына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.