Адвокаттар жәбірленушілерге келтірілген моральдық шығынның қаншалықты екенін ешкімге түсіндірудің қажеті жоқ деп санайды.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесінде адвокаттар айыпталушылардан талап етілетін моралдық өтемақының сомасын оқып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәбірленушінің адвокаттары шығынды әр күдіктіге бағыттап отырды.

  • Бірінші, Шынасыл Абзалдан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне қатысты жұмсалған шығын өтеуі ретінде 2 миллион 794 мың теңге мөлшерінде соманы өндіруді;
  • Екінші, Шынасыл Абзал және Равиль Сәкиевтен ортақтасқан, яғни үлестік түрде Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтың моральдық зиянының өтеуі ретінде 100 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді;
  • Үшінші, Шынасыл Абзал мен Равиль Сәкиевтен ортақтасқан үлестік түрде Бишимбиева Гүлбараның пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтың моральдық зиянының өтеуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді;
  • Төртінші, Шынасыл Абзал және Сәкиев Равильден ортақтасқан үлестік нормада Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моральдық зиянының өтеуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді сұраймыз, – деді жәбірленушілердің адвокаттары.

Сот барысында адвокаттар барлық күдіктіден шығынды өндіріп алуды сұрайтынын байқатты.

– Содан кейін Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаев Нұрбол, Қалиахмет Дидардан ортақтасқан үлестік түрде Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына, әрқайсысынан 20 миллионнан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде өндіруді;

Осы адамдардан Бишімбиева Гүлбараға қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моральдық зиянының өтуі ретінде әрқайсысынан 20 миллионнан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді;

Осы адамдардан Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моральдық зиянның өтуі ретінде әрқайсысынан 20 миллионнан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді сұрап отырмыз.

Қосымша жерлеу рәсіміне кеткен шығындардың түбіртектері тіркелді. Сонымен қатар, жаназаның шығыны психолог есептеулерімен негіздеп отырмыз, – деді адвокат.