Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде Шерхан Мұртаза атындағы аудитория ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде өткен іс-шараның негізгі мақсаты – жазушы мұрасын ұлықтау, қаламгердің журналистика мен әдебиетке қосқан үлесін зерттеп-зерделеу.

Аудиторияның ашылу рәсіміне Сенат пен Мәжіліс депутаттары, журналистика ардагерлері, қаламгерлер қауымы қатысты. Сонымен қатар шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының ғалымдары мен профессорлары шақырылды.

Нұржан Қуантаев, Л. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы:

- Осы аудиторияда жастар білім алады. Өйткені мұнда жаңа техникалық жабдықтар бар. Тағы да алып келемін деп отыр. Сондықтан бүгінгі аудиторияның ашылуы, шынында да, медиабілім беру жүйесіндегі үлкен бір жаңалық.