Құрылыс жұмыстары кезінде аспалы көтергіш кабелі үзілген.


Астанада құрылысшы жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда болған.

"Құрылыс объектісінде қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде аспалы көтергіш кабелі үзілген. Ішінде болған 41 жастағы ер адам құлап, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", – дейді ведомство.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.