Ақорда ресми хабарлама таратты.


Айбек Смадияров Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, өткен аптада Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – баспасөз қызметшісі лауазымынан кететінін мәлім еткен болатын.


Оқи отырыңыз: Қар, бұрқасын, көктайғақ: Қазақстанда 15 желтоқсанда ауа райы қандай болады