Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Оразбек Асылқұлов 57 келіде ел намысын қорғады.
Отандасымыз алтын жүлдені тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен сарапқа салды.
1-раундта төрешілер Оразбек Асылқұловтың басымдығына қолдау білдірді. Одан кейінгі раундтарда да Оразбек қарқынын бәсеңдеткен жоқ.
Нәтижесінде, қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды.