Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форум аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да мемлекеттер басшыларымен бірге Бейтараптық монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Бұл кешен Түрікменстанның бейбітшілік пен жасампаздық ұстанымына бейіл екенін көрсетеді.