Бұл жағдай қос ел арасындағы шиеленістің ушыққанын білдірсе керек-ті.
АҚШ әскери күштері Венесуэла жағалауында санкциялар тізімінде тұрған алып мұнай танкерін ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл Венесуэла мұнайының экспортын қиындатуы мүмкін, себебі басқа тасымалдаушылар Боливар Республикасынан көмірсутектерді тасымалдауға сақтықпен келіседі.
– Біз Венесуэла жағалауында өте үлкен танкерді басып алдық. Ол – өте үлкен, – деді Дональд Трамп.
Шетелдік БАҚ заңсыз мұнай тасыған танкерді АҚШ-тың арнайы жасағы басып алғанын жарыса жазып жатыр.
Ал Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың елдегі мұнай кен орындарын басып алу қаупі барын бұған дейін бірнеше рет ескерткен еді. Вашингтон болса, Венесуэла билігін "есірткі контрабандасына қарсы күресте белсенді емес" деп айыптап келеді.
Қыркүйектен бері АҚШ Әскери-теңіз күштері Кариб теңізіне 16 мыңнан аса әскерден тұратын атом сүңгуір қайығы Gerald R. Ford тасымалдаушысы басқаратын кемелердің соққы тобын орналастырған. Сондай-ақ, аймақта кем дегенде 80-нен астам адам қаза тапқан.
АҚШ журналистері жақын арада республика аумағына соққы беру мүмкіндігі туралы бірнеше рет хабарлады. 27 қарашада Дональд Трамп Венесуэладан есірткімен күреске дайын екенін мәлім етті. Десе де, ол ықтимал әскери операциялар туралы ашып айтпады.