Иран бізге не береді, біз Иранға не жөнелтіп жатырмыз деген сұрақ туындайды. Биыл өткен тоғыз айда екі ел арасындағы тауар айналымы 311 млн долларға жуықтады.
Бұл – былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44,9 пайызға артық. Басым бөлігі — экспорт. Яғни қаңтар-қыркүйек аралығында экспорт 3,2 есе өсіп, 178,8 млн доллар болды. Ал импорт 16,5 пайыз кеміп, 132 млн доллардан сәл асты.
Елімізден шығатын экспорттың дені дәнді дақыл. Яғни тоғыз айда парсы еліне құны 166 млн доллар болатын арпа, 4,11 млн долларға мақта талшығы және 3,44 долларға бидай жөнелтілді. Ал біз Ираннан 13,2 млн долларға сары май, 11,9 млн долларға полиэтилен өнімдерін сатып алдық. Сондай-ақ импорт құрамында ірімшік пен сүзбенің үлесі жоғары. 7 млн долларға жуықтайды.