Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласындағы 66-55 әскери бөлімінің 14 сарбазы мерзімді қызметте жүріп оқуға орнына түсті, деп хабарлайды 24kz.
Олар мемлекеттік грант бойынша тегін білім алады. Запасқа шығарылған жастарға жоғары оқу орнына түскендігі туралы сертификат табысталды. Болашақ студенттер «Сарбаз» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тесттен өткен. Бұл жоба Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жастарға білім беру жеңілдігін ұсынады. Жалпы бұған дейін де әскери бөлімнің 18 жауынгері ел аумағындағы университеттерге түскен болатын.
Ерназ Кеңесов, қатардағы жауынгер:
- Ата-анам әлі білмейді. Оларға енді айтамын. Олар қуанады деп ойлаймын. Мен Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетіне түстім. Қуаныштымын. Мектептен кейін колледж, одан кейін әскерге келіп тұрмын. Әлі жоғары оқу орным жоқ. Осы оқуды соңына дейін бітіргім келеді.