Мәскеуде Қазақстан-Ресей ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның отырысы өтті.

Тараптар ағымдағы жобаларды талқылап, өзара іс-қимылды одан әрі дамытуды тілге тиек етті. Логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, көші-қон саясаты, цифрландыру салаларындағы серіктестік пен мәдени-гуманитарлық жобаларды қарастырды.

Қатысушылар бір жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жаңа бағыттарды белгіледі. Қос мемлекет депутаттарының кездесу мақсаты – екі ел Президенттері қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру үшін заңнамалық база қалыптастыру. Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Ресейге мемлекеттік сапар шегіп, оның барысында 14 келісім-шартқа қол қойылған.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Көптеген алаңдардағы жұмысымызда жүйе бар. Барлық жерде ұстанымдарымыз сәйкес келеді. 20 жылда Қазақстан Ресейдің экономикасына 9 млрд доллар көлемінде инвестиция құйды. Ресейлік ақшаға шаққанда бұл шамамен 28 млрд.

Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жыл бойы тығыз қарым-қатынаста болдық деп нық сеніммен айта аламын. Кездесулер кезінде ғана емес, депутаттар әрдайым өзара байланыста. Екі тараптан қойылған сұрақтардың жартысынан көбі жауабын тапты.