Бокстан Қазақстанның бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжанов бастаған команда Ташкенттегі бірлескен оқу-жаттығу жиынын аяқтап, жақын күндері Дубайға жол тартады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстан құрамасының толық тізімі:
48 кг: Теміртас Жүсіпов
51 кг: Даниял Сәбит
54 кг: Сәкен Бибосынов
57 кг: Оразбек Асылқұлов
60 кг: Серік Теміржанов
63.5 кг: Ертуған Зейнулинов
67 кг: Санатәлі Төлтаев
71 кг: Абылайхан Жүсіпов
75 кг: Сабыржан Аққалықов
81 кг: Ерасыл Жақпеков
86 кг: Дәулет Төлемісов
92 кг: Нурмагамед Юсупов
+92 кг: Нұрлан Сапарбай
Халықаралық бокс қауымдастығы IBA ұйымдастыратын бұл әлем чемпионаты тарихтағы ең ірі жүлде қорымен ерекшеленеді. Себебі чемпионға 300 мың доллар табысталады.