Сондай-ақ, CDC енді Covid екпелерін дені сау балаларға да ұсынбайды.
АҚШ денсаулық сақтау министрі Роберт Кеннеди Covid-19-ға қарсы екпелер бойынша қабылданған жаңа шешімді жария етті. Оған сәйкес, енді коронавирусқа қарсы екпелер дені сау балалар мен жүкті әйелдерге ұсынылған екпелер тізімінен алынады, деп хабарлады Анадолы ақпарат агенттігі.
"Бүгіннен бастап Covid екпелері CDC (АҚШ-та ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығы) дені сау балалар мен жүкті әйелдерге ұсынатын екпелер тізімінде болмайды. Өткен жылы Джо Байден әкімшілігі балалар үшін қайталама бустердің қажеттігін растайтын қандай да бір клиникалық мәліметтердің жоқтығына қарамастан, дені сау балаларға тағы да қайтара екпе салуға шақырды", – деді ол.
АҚШ президенті Дональд Трамп және денсаулық сақтау министрі бұған дейін де Covid-19-ға қарсы екпелерді қолдану туралы өз мәлімдемелерін сайлауалды кампаниясында пайдаланған болатын.
Оқи отырыңыз:
Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады