Алматыда 30 жер телімі 20 жыл мерзімге резервке қойылды. Осы уақыт аралығында бұл аумақтарда құрылыс жүргізуге болмайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігі бас жоспарға сәйкес, қаланы дамытуға арналған болашақ жобалар үшін елді мекен жер санатындағы бірнеше учаскені резервке қою туралы шешім қабылдады.

Алматы қаласының Бас жоспары негізінде және қала аумағын дамыту мақсатында мемлекеттік меншікке тиесілі елді мекен жер санатындағы жер телімдерін 20 (жиырма) жыл мерзімге резервке қою, – делінген құжатта.

Барлық резервке қойылған жерлерге ортақ шектеу енгізілген – құрылыс жүргізуге тыйым салынады.

Тізімге Бостандық, Наурызбай, Медеу, Әуезов, Алатау аудандарында орналасқан учаскелер кірді. Олардың ішінде Қарағайлы, Томирис, Көкайнар, Шанырақ және Алатау ықшамаудандары да бар. Барлық аталған жер телімдері мемлекеттік меншікке жатады.