Тиісті жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатты қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы әзірлеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада шағын және орта бизнеске арналған жеңілдетілген декларация режиміндегі салық мөлшерлемесі 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілмек.

Өзгеріс жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты болады. Түсіндірме жазбада бұл шараның мақсаты – шағын және орта бизнеске түсетін салықтық жүктемені азайту екені көрсетілген.

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа салық кодексі жергілікті өкілді органдарға мөлшерлемені қызмет түріне қарай 50%-ға дейін көтеруге немесе төмендетуге мүмкіндік береді. Шешім 1 желтоқсанға дейін қабылдануға тиіс.

Бұған дейін тура осындай батаманы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпкерлерге жеңілдік жасауды ұсынған болатын.

Құжатты Алматы қаласы мәслихатының депутаттары жақын уақытта күнтәртібіне шығарып қарайды.