Себебі, осы лауазымға өзін ұсынған Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис кандидатурасын ресми түрде қайтарып алды.

Осылайша президенттік қызметке жалғыз үміткер болып Геннадий Головкин қана қалып отыр. World Boxing ұйымының жаңа басшысын сайлаудың шешуші кезеңі осы аптаның соңында Римде өтуі тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Италияда дүниежүзілік конгресс делегаттары ұйымның жаңа президентін таңдап тағайындайды.

Геннадий Головкин 2024 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып сайланды, ал қыркүйекте World Boxing-тің Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанып, бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуына үлкен үлес қосты.

Ал, ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин осыдан бір ай бұрын халықаралық World Boxing ұйымының президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған болатын.

Одан бөлек жерлесіміз Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін Қазақстанда ұйымдастыруы мүмкін екенін айтты.