Ақмола облысының Біржан-Сал ауданындағы Бұланды ауылында 55 жастағы ер адам үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған.

Тексеру кезінде марқұмның денесінен зорлық белгілері табылған жоқ. Полиция оның жеке басын дереу анықтады: ер адам жалғыз тұрған, өлі денесі өз ауласынан табылған.

Сот-медициналық сараптама оның өлімінің нақты себебі – үсік екенін көрсетті. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жүріп жатыр, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция тұрғындарды күз-қыс мезгілінде суықтан болатын қауіпке ерекше мән беруге шақырды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, суықта ұзақ жүру, әсіресе түнгі уақытта, жоғары тәуекел тудырады.