Атырау облысында тұман кезінде арақашықтықты сақтау қиын.

Қолайсыз ауа райы жол қозғалысын қиындатып, жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тұман кезінде жүргізушілер алда келе жатқан көлікке дейінгі арақашықтықты дәл анықтай алмайды, қатарлас жолдағы көліктердің жылдамдығын бағалау қиындайды. Осыған байланысты тұман кезінде басып озуға тыйым салынады.

Сондай-ақ алысқа жарық түсіретін шамдарды қосу ұсынылмайды, себебі олардың жарығы тұманнан шағылысып, көрінуді одан әрі нашарлатады", – деп ескертеді полицейлер.

Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы дрон әуе камерасын пайдалану арқылы 600-ден астам жол ережесін бұзу фактісін анықтады.

Ережені сақтамаған жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тәртіп сақшылары қолайсыз ауа райында мүмкіндігінше жолға шықпауға, ал сапар қажет болған жағдайда барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.