Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығын аралады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президенттерге орталық ислам өркениетінің бір бөлшегі саналатын Өзбекстанның бай мәдени-рухани мұрасын терең зерттеу және насихаттау мақсатында құрылғаны жөнінде баяндалды.

Мұндағы ең басты жәдігер – Осман Құраны. Ал оның жан-жағында Құран сүрелерінің санына сәйкес 114 ежелгі кітап қойылады.